Теннис
28 сәуір 2023 13:13

Александр Бублик "Мастерстегі" алғашқы жеңісіне жету үшін 3 сағаттай дамылсыз ойнаған

©

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әлемнің 100-ракеткасы, колумбиялық Даниэль-Элаи Галанды 7:6 (17:15), 6:7 (4:7), 6:4 есебімен жеңді.

Александр Бублик бұл жеңісіне 2 сағат 50 минут уақыт жұмсады. Теннисшілер бірінші сеттің өзін 1 сағат 7 минут ойнаған. Бұл биылғы маусымдағы ең ұзақ тай-брейктердің бірі ретінде есте қалады.

Қазақстандық теннисші енді турнирдің 1/32 финалында әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Рунемен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport