Александр Бублик карьерасында алғаш рет Майамидегі "Мастерстің" төртінші айналымына шықты

Александр Бублик. Сурет: olympic.kz©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик карьерасында алғаш рет Miami Open турнирінің төртінші айналымына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Джеймс Дакворт болды, қазақстандық оны екі сетте ұтты - 6:4, 6:4.

Матч бір сағат және 24 минутқа созылды, ойын барысында Бублик он эйс және үш рет қосарлы қателік жасады. 

Келесі айналымда Бублик америкалық Тэйлор Харри Фрицке қарсы ойнайды. 

Метки: