Александр Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалында жеңілді

©ҚТФ

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Флоренция (Италия) қаласындағы АТР 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ширек финалда АТР рейтингінде 43-орында тұрған Бублик 75-сатыға жайғасқан америкалық Джефф Вольфпен кездесті. 

Қазақстандық теннисші 6:3 есебімен бірінші сетті жеңген еді. Алайда кейінгі сеттерде 5:7 және 1:6 есебімен ұтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport