Александр Бублик Дубайдағы турнирде ресейлік теннисшіден ұтылды

©Reuters

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бублик екінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:2 есебімен жеңілді. Кездесу бір сағат бес минутқа созылды.

Айта кетейік, Дмитрий Медведев - "Үлкен Дулыға" турнирінің жеңімпазы. Ал Александр Бублик - Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол ATP рейтингінде 46-орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: