Александр Бублик азаматтығын ауыстыруына қатысты ойын айтты
©kaztag
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик азаматтық ауыстыруына қатысты ойын айтты, деп жазады Ubitennis.
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик азаматтық ауыстыруына қатысты ойын айтты, деп жазады Ubitennis.
"Өмірімнің басым бөлігін Ресейде өткізсем де, қазір Қазақстан намысын қорғаймын. Қазақстанға 2016 жылы келдім. Бұл жерде теннисші ретінде қалыптастым. Статистикам жақсарды. Әрине өзімді орыспын деп сезінем. Отбасым Ресейден. Бірақ халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғайтыныма қуаныштымын", - дейді Бублик.
Еске салайық, 25 жастағы спортшы Ресейдің Гатчины қаласында туған. 2016 жылдан бері Қазақстан намысын қорғайды.
Жарнама