Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған испаниялық Альберто Рамоспен шеберлік байқасты. Бублик бұл бәсекеде 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Александр Бублик жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын ірі жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 28-сатыдағы сербиялық Миомир Кецмановичтің біреуімен таласады.