Александр Бублик Астанадағы теннис турниріндегі жарысын аяқтады

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Астанадағы ATP 500 турнирінің екінші айналымында польшалық Хуберт Хуркачқа есе жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

1 сағат 21 минутқа созылған ойын 6:4, 6:4 есебімен поляк спортшысының пайдасына аяқталды. Матч барысында әлемнің 43-ракеткасы саналатын Бублик 10 эйс жасады. Ал "Уимблдон-2021" турнирінің жартылай финалисі 7 рет эйс жасады.

Енді турнирдің 1/4 финалында Хуберт әлемнің 6-ракеткасы грекиялық Стефанос Циципаспен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport