Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Астанада қаласында өтіп жатқан ATP 500 Astana Open турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бірінші айналымда Бублик Нидерланды елінің өкілі Таллан Грикспормен кездесті. Бұл ойын 6:0, 4:6, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Енді екінші айналымда Бублик Польша елінің теннисшісі Хуберт Хуркачпен кездеседі.