Александр Бублик АҚШ-тағы турнирде Олимпиада жеңімпазымен кездеседі

©Reuters

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик АҚШ жерінде өтіп жатқан турнирде Ұлыбритания елінің өкілі Энди Марреймен кездеседі, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші айналымда 2012 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы жапониялық Даниэль Тородан (1:6, 6:2, 6:4) есебімен үстем түскен. Бублик пен Маррей арасындағы ойын 14 наурыз күні өтеді. 

Ал Индиан-Уэллсте іріктеуден өткен Михаил Кукушкин болса бірінші айналымда сүрінді. Ол америкалық Томми Полмен кездесіп, 4:6, 4:6 есебімен ұтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: