Алаяқ болып шықты. Кезінде әлемді дүркіреткен теннисші сотталды
Барселона қаласының соты әлемнің бірінші ракеткасы болған испаниялық теннисші Аранча Санчес-Викарионы бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ua-football.com.
Барселона қаласының соты әлемнің бірінші ракеткасы болған испаниялық теннисші Аранча Санчес-Викарионы бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ua-football.com.
Дегенмен жаза шартты түрде (мерзімі екі жыл, айыптаушы тарап төрт жыл сұраған), ал спортшы алаяқтық бойынша айыпты деп танылды. Каталония сотының шешімі бойынша, Санчес-Викарио Люксембург банкіне 6,6 миллион еуродай өтеу төлеген жағдайда сот жазасынан құлан таза ақталады.
Тергеу анықтағандай, Аранча мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакан Люксембург банкіне қарызын өтеуден жалтару үшін активтерін жасырған.
Айта кетейік, Санчес-Викарио Grand Slam турнирлерін 14 рет ұтып, Олимпиаданың екі рет күміс және екі рет қола жүлдесін иеленген. Карьерасының шыңында әлемдік рейтингте жекелей де, жұптық сында да көшбастаған.
Жарнама