АҚШ құрамасының екінші ракеткасы коронавирус салдарынан Олимпиадаға қатыса алмайды
Сурет: Gulf News
Теннистен АҚШ құрамасының екінші ракеткасы Кори Гауфф коронавирус салдарынан Олимпиадаға бара алмайды. Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісінде хабарлады.
Теннистен АҚШ құрамасының екінші ракеткасы Кори Гауфф коронавирус салдарынан Олимпиадаға бара алмайды. Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісінде хабарлады.
"Олимпиадада АҚШ намысын қорғауды әрдайым арман еткенмін, алайда, болашақта мұндай мүмкіндік болар. Командаға сәттілік және барлық қатысушыға қауіпсіз Ойын тілеймін", - деп жазыпты 17 жастағы спортшы.
Гауфф WTA рейтингінде 25-орында, карьерасында ол WTA титулын екі рет ұтқан.
Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді.
Жарнама