18 жастағы Эмма Радукану US Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осылайша, Ұлыбританияның өкілі араға 44 жыл салып Үлкен дулыға турнирінің финалына жолдама алып отыр. Соңғы рет Тұманды Альбионнан шыққан Вирджиния Уэйд 1977 жылы Уимблдон жарысының жеңген болатын. Енді Эмма Радукану финалда 19 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Бір айта кетерлігі, 17 жылдан кейін Үлкен дулыға турнирінің финалында жастары жиырмаға толмаған бұрымдылардың бірі топ жармақ. Соңғы рет 2004 жылы ресейлік Мария Шарапова 17 жасында аталмыш жарыста жеңіске жеткен болатын.
Жартылай финалда Радукану грек қызы Мария Саккариді 6:1, 6:4 нәтижесімен тізе бүктірген еді.