Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Астанадағы АТР Challenger 50 – Президент кубогы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Финалда Евсеев (412 ATP) өзбек Хумоюн Сұлтановты (550 ATP) жеңді. Бірінші сетте Сұлтанов 5:1 есебімен алға шықты, бірақ Денис қуып жетіп қана қоймай, алғашқы сеттегі жеңісті жұлып алды – 7:5. Екінші ойында Хумоюн белсенділік танытып, көбірек шабуылдап, сетте жеңіске жетті – 6:2.
Ойынның шешуші сәті тартысты өтіп, ойыншылар кезек-кезек дәрігерлерді кортқа шақырды. Тоғызыншы геймде қазақстандық үзіліс жасап, 6:4 есебімен матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, Денис Евсеев карьерасындағы алғашқы "Челленджерді" жеңіп алды. Ол бұл жеңісі үшін 50 рейтингтік ұпай мен 5 500 доллар сыйақы алады.