2021 жылы ең көп табыс тапқан теннисші белгілі болды

©menslife

2021 жылдың қорытындысы бойынша ерлер арасында ең көп табыс тапқан теннисші белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

ATP рейтингінде бірінші орында тұрған Новак Джокович бір жылда ең көп табысқа кенелді. Атап айтқанда сербиялық теннисші 9,1 млн АҚШ доллар табыс көрді. Екінші орында Данил Медведев. Ресейлік спортшы 7,5 млн және үшінші орында Александр Зверев. Зверев биыл 6,4 млн АҚШ доллар сыйақы алды.

Еске салайық, Новак Джокович кәсіпқой карьерасында 155 млн АҚШ долар пайда көрген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: