20 жастағы қазақстандық теннисші Australian Open турниріне алғаш рет қатысады

©olympic

Тимофей Скатов Australian Open турнирінің іріктеуінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз спорттық карьерасында "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі айналымына алғаш рет жолдама алып отыр. 20 жастағы теннисші іріктеу жарысында португалиялық Гаштау Элиаштан басым түсті. Бір сағат 44 минутқа созылған кездесуде Скатов қарсыласын 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Еске салайық, ерлер арасында жасыл құрлықтағы басты жарыстың негізгі айналымына Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко да шығуы мүмкін. Ол үшін жерлестеріміз квалификациялық ойындарда қарсыластарын ұтуы тиіс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: