Теннис
8 қыркүйек 14:21

20 жастағы қазақстандық ITF W15 турнирінде жеңімпаз атанды

©ҚТФ

20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен ITF W15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда Аружан ресейлік Мария Калякинаны ұтты.

Шешуші кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазақстандық спортшы ITF аясындағы екінші жүлдесін иеленді. Алғашқысын 2023 жылы Тунистe жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport