1999 жылдан бері бірінші рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалына екі бірдей 20 жастан кіші теннисшілер шықты.
Биыл АҚШ ашық біріншілігі, US Open турнирінің финалына 19 жастағы канадалық Лейла Фернандес пен 18 жастағы британиялық Эмма Радукану шықты.
Радуканы US Open турнирінің негізгі кезеңіне іріктеуден бастады. Ал жартылай финалда грек қызы Мария Саккариден үстем түсті. Фернандес болса жартылай финалда әлем екінші нөмірлі теннисшісі беларусь қызы Арина Соболенкодан айласын асырды.
Айта кетейік, соңғы рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалына 20 жастан кіші теннисшілер 1999 жылы шыққан. Ол кезде 17 жастағы Серена Уильямс 18 жастағы Мартина Хингесті жеңген.