18 жастағы Эмма Радукану Эмма Радукану US Open-2021 турнирін жеңді

12 қыркүйек 2021 10:22
©чемпионат

18 жастағы ұлыбританиялық теннисші Эмма Радукану US Open-2021 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жарысты іріктеу ойындары арқылы бастаған Радукану финалда канадалық Лейла Фернандесті 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Екі сетке созылған матч 1 сағат 51 минутқа созылды.

Бір айта кетерлігі, ұлыбританиялық ару аталмыш турнирде бірде бір партияда қарсыластарына ұтылған жоқ. Осыған дейін WTA жарыстарын бағындырмаған Радуканудың бұл турнир спорттық карьерасындағы алғашқы "Үлкен дулығасы". 1999 жылдан бері тұңғыш рет "Үлкен дулыға" турнирінде жасы 20-ға толмаған спортшы топ жарып отыр.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: