17 жастағы қазақ теннисші әйелдер арасындағы алғашқы турнирді жеңді

©ҚТФ

Қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.

Team Kazakhstan академиясының түлегі Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты. Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді – 7:5, 3:6, 10:4.

Аружан жекелей сында да тәп-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

"Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан, бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып, қолдаған Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын", - деді марапаттаудан соң Аружан Сағындықова.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: