17 жастағы Заңғар Нұрланұлы (ATP Juniors №12) жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда қазақстандық теннисші гонконгтық Кай Томпсонмен кездесті. Алғашқы сет Томпсонның пайдасына шешілді - 6:3.
Екінші партияда Нұрланұлы мінез танытып, тай-брейкте жеңіске жетті - 7:6 (4). Ал шешуші үшінші сетте Заңғар 6:4 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына аяқтады. Кездесу 2 сағат 53 минутқа созылды.
Осылайша, Заңғар карьерасында алғаш рет Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Финалға шығу үшін қазақстандық теннисші Китон Ханс (АҚШ) пен Кун Шу Чен (Тайбэй) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Заңғар былтырдан бері жасөспірімдер арасындағы ең жоғары санаттағы турнирлерге қатысып келеді. Бұған дейінгі ең ірі жетістігі - US Open-2025 турнирінің жартылай финалы. Ол кезде Нұрланұлы болашақ чемпион, жасөспірімдер арасындағы әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы - болгариялық Иван Ивановтан ғана ұтылған еді.
Жарнама