Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors)тамаша өнер көрсетті.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды - 6:7, 7:6, 6:3.
Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.
Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата ұтты - 6:1, 6:0.
Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті - 6:2, 6:2.
Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.
Әзербайжан астанасы Бакуде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe турнирі аяқталды.
Кристина Курученко финалға дейін жетіп, ресейлік Юлия Мякоткинаға жол берді - 2:6, 1:6.
Ал Линара Бөлешева Даяна Жақыпбаевамен бірге ресейліктер Ю.Мякоткина - Алиса Терентьеваны жеңді - 6:3, 5:7, 17:15.
Тағы бір қазақстандық Михаил Мищенко ресейлік Яков Грызновпен бірге соңғы сында ресейліктер Тимур Гордеев - Алексей Ильиннен айласын асырды - 6:7, 6:2, 10:8.