14 жастағы қазақ қыз Азияның бірінші ракеткасы атанды
©ktf.kz
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық спортшының еншісінде 2722 ұпай бар.
Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева - үшінші орын, Ариана Гогулина - алтыншы, Сатима Төреген - жетінші және Яна Штода оныншы орындарға жайғасты.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.
Жарнама