Тағы бір қазақстандық таеквондошы Тайаньда Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

©olympic.kz

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров  Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ.

Айта кетелік, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді.

Бұған дейін 17 жастағы Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар