Таэквондошы Жансел Дениз ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

©olympic.kz

Қазақстандық таэквондошы Жансел Дениз Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz

Ол 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды. Бірінші орын Узунчавдар Суде (Түркия). Екіншісін Ливаннан келген Селман Вард алды. Иорданиялық Рама Або-Алруб пен Жансел Дениз тұғырдың үшінші сатысын бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Жасұрбек Клычов "қоланы" жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар