Таеквондо
Бүгін 16:33

Таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан екі жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы таеквондодан Чхунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен командалық Әлем кубогында екінші жүлде жеңіп алды.

Аралас командалық сайыста қола жүлде үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша қола жүлдегер атанды.

Команда сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов, Батырхан Кусетов сынға түсті.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport