9-11 қазан аралығында Францияның Париж қаласында таеквондодан Гран-при сериясының соңғы кезеңі өтеді.
Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, жүлделер мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы сапынан додаға үш таеквондошы қыз қатысады. 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова, ал 67 келіден жоғары салмақта Назым Махмұтова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Париждегі жарыс осы маусымдағы Гран-при сериясының соңғы кезеңі болмақ.
Таеквондодан Гран-при финалы 27-29 қараша күндері Астана қаласында өтеді.
Жарнама