Таеквондо
15 қазан 09:44

Қазақстандық таеквондошылар Черногориядағы турнирде алтын мен қола жеңіп алды

© Instagram

Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыстың алтын жүлдегері атанды.

Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport