Таеквондо
27 қазан 15:19

Қазақстандық таеквондошы қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

©Сали Сабиров

Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Никола Кражевска мен португалиялық Киарра Барросоны жеңді.

1/16 финалда үндістандық Ваишнабені, ширек финалда Джесси Бассетті ұтқан Айдана жартылай финалда түрік спортшысы Эмине Гёгебаканнан аз ғана айырмашылықпен жеңіліп қалды.

Тарихта алғаш рет әйелдер арасындағы таэквондодан бірден екі қазақстандық әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль алып, 18 жылдан кейін әйелдер арасында әлем чемпионатының тұғырынан көрінген алғашқы қазақстандық болған еді.

Әлем чемпионаты Қытайдың Уси қаласында өтіп жатыр. Биылғы додаға 179 елден 991 спортшы қатысуда. Жарыстар 30 қазанға дейін жалғасады.

 


??: Қазақстан Таэквондо федерациясының (WT) баспасөз қызметі

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport