Қазақстандық таеквондошы Жансел Дениз Черногорияның Подгорица қаласында өткен халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Montenegro Podgorica Open 2021 деп аталатын турнирдің финалында 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз түркиялық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Дениз осыдан тура бір ай бұрын Түркияда өткен халықаралық турнирдің де жеңімпазы атанған болатын.