auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық таеквондошы жүлдесін Денис Теннің рухына арнады

Руслан 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шыққан.

Қазақстандық таеквондошы жүлдесін Денис Теннің рухына арнады
ҚР ҰОК
Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік "Korea Open" турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль еншіледі. Спортшы бұл жүлдесін дүниеден озған Денис Теннің рухына арнады.

Қазақстандық таеквондошы үш кездесуінде де жергілікті спортшылармен күш сынасты. Алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда 28:10 есебімен қарсыласына жол беріп алды.

Руслан Жаппаров өз жеңісін Денис Теннің рухына бағыштап, оны еске алу мақсатында арнайы жейде киіп шықты.

Айта кетейік, Руслан 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шыққан. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу