Таеквондо
Бүгін 21:30
 

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

blog.share

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костамен кездесті.

Любовь Юн айқын басымдық танытып, екі раундта да жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде 7:2, екінші раундта 11:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жалпы есепте 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін сербиялық Эма Зечировичпен кездеседі.

Айта кетейік, Любовь Юн – жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 аясында таеквондодан Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!