Таеквондо
18 қараша 18:25

Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде ешкімге дес бермеді

©Таеквондо федерациясы

Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшысы Нодира Ахмедова Дохада (Қатар) өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Нодира 53 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы Леня Камкасумфоны айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, жуырда ғана өткен әлем чемпионатында Ахмедова қола жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport