Таеквондо
12 мамыр 2025 18:31

Қазақстандық жас таеквондошы әлем чемпионы атанды

©Таеквондо федерациясы

Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.

Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport