Таеквондо
Бүгін 10:53
 

Қазақстандық бұрымды таеквондошы Оңтүстік Кореядағы Гран-приде жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық бұрымды таеквондошы Оңтүстік Кореядағы Гран-приде жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды.

blog.share

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Алғашқы жекпе-жегінде Құмартаева Германия өкілі Супхрада Атеслиді жеңді. Одан кейін қазақстандық спортшы Коста-Рика спортшысы Джейси Бассетттен басым түсті.

Ширек финалда Құмартаева Франция спортшысы Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен кездесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Құмартаева үшінші орын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!