Таеквондо
24 наурыз 2023 14:15

"Қазақстанда мемлекеттік жоқ". Спортшы видео мәлімдеме жасады

©Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде қазақстандық таеквондошы Глеб Лымарьдың атынан жазылған пікір тарады. Онда Қазақстанның мемлекеттілігі жоқ екені айтылады. Спортшы осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, парақшасына шабуыл жасалғанын жеткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Глеб Лымарьдың айтуынша, оның әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасалған әрі бұғатталған. 

"Барлық қазақстандықтан кешірім сұрағым келеді. Парақшама бұзып кірген және бұғатталған. Онда айтылған нәрсе Қазақстан азаматы ретінде де, спортшы ретінде де беделіме нұқсан келтірді. Өзім спортшымын, Қазақстан құрамасы сапында бірнеше рет ел намысын қорғадым. Мені түсіндіңіздер деп ойлаймын. Алға Қазақстан!" - деді спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport