Таеквондо
22 қазан 17:51

Қазақстанда алғаш рет таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

©olympic.kz

Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан (WT) Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жөнінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған шешім бүгін Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының Әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми хабарланды. 

Осыған дейін Қазақстан 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдердің қатарына қосылған еді. Жиын барысында Дүниежүзілік таеквондо федерациясы мен оған мүше елдердің өкілдері Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады. 

Осылайша Қазақстан Орта Азияда таеквондодан (WT) Әлем чемпионатын қабылдайтын алғашқы ел болып тіркелді. Федерация 2027 жылғы Әлем чемпионатын Астана қаласында өткізуді жоспарлауда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport