АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты үш медальмен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ұлттық құрама спортшылары бір күміс, екі қола медаль еншіледі.
Күміс медальды 49 келіге дейінгі салмақта Нодира Ахмедова иеленді. Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қола медальды қанағат тұтты.