Қазақстан таеквандодан халықаралық турнирде үш жүлде жеңіп алды

©kaztkd.kz

Иранда таеквондодан Fajr Open халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың соңғы күні Қазақстанның ерлер құрамасынан 80 келіде өнер көрсететін Нұрлан Мырзабаев қола жүлде жеңіп алды. 

Мұның алдында Қазақстан командасынан Жансел Дениз (73) және Әмина Нұрғазықызы (62) күміс пен қола иеленген. Ал жалпы командалық есепте Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші болды.

Бүгін, 10 наурыз Тегеранда Таеквондоның азиялық федерациясы президентінің кубогы бастау алып, 13 наурызға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар