Ақтөбеде таеквондодан (WT) Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Турнирге елдің барлық өңірінен 140 спортшы қатысты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша командалық есептегі үздік үштік төмендегідей болды:
1-орын – Алматы қаласы: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола
2-орын – Атырау облысы: 2 алтын
3-орын – Түркістан облысы: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола