Таеквондо
23 қыркүйек 14:17

Қазақастандық таеквондошы Польшадағы турнирде күміс жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды.

49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.

Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport