17 жастағы Батырхан Олимпиадаға жодама жеңіп алды

© olympic.kz

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

17 жастағы таеквондошы 80 килоға дейінгі салмақта жарыс финалына шықты. Жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабрукты жеңді. Оған дейін үндістандық спортшыны айқын басымдықпен жеңген еді. 

Осылайша, отандасымыз өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды. Батырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

Бұл – Қазақстанның таэквондодан Париж олимпиадасына алған алғашқы лицензиясы.

Ертең, 16 наурызда Мария Севастьянова (57 кг), Жансел Дениз (+67 кг), Самирхон Абубакиров (58 кг) жолдамаға таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар