Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогінде алтын иеленді

©FINA

Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды. Біздің команда 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы;

2. Қытай (205.0300 балл)

3. Аустралия (196.6266 балл)

Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі. Сәл ертеректе Виктор Друзин мен Анна Павлецова аралас жұптық сынның еркін бағдарламасында күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір еншімізде 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар. Қытайдағы әлем Кубогы кезеңі осымен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар