Жүзу
Бүгін 12:00
 

Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты ©ҚР ҰОК

Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғап жатыр.

blog.share

Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғап жатыр.

Отандық спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт нәтижесін тіркеп, 12-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.

АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды - 3:37.39. Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды - 3:37.74. Ал Мэттью Колдуэлл (ОАР) үздік үштікті түйіндеді - 3:40.95.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!