Жүзу
30 қыркүйек 20:16

Қазақстандық жүзушілер Үндістандағы АЧ-де тағы екі жүлде алды

©

Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда.


Қазақстан құрамасының өкілдері жүзуден тағы екі медальға қол жеткізді.

Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуде екінші болып мәре сызығын кесті.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, алғашқы күні қазақстандық спортшылар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport