Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шығу үшін бақ сынады.
Нәтижесінде Анатолий қашықтықты 29.07 уақытта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші, ал жалпы есепте алтыншы орынмен финалға жолдама алды.
Айта кетейік, финал бүгін, 5 қарашада өтеді.