Жүзу
Бүгін 21:02
 

Қазақстандық жүзгіш жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жүзгіш жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жете алмады ©ҚР ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден жарыстары жалғасып жатыр.

blog.share

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден жарыстары жалғасып жатыр.

Бүгін, 4 қарашада, Қазақстан атынан Дарья Чеснокова сынға түсті.

Қазақстандық спортшы 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеу кезеңіне қатысты. Ол өз тобында мәреге үшінші болып жетіп, қашықтықты 27,88 секундта бағындырды.

Жалпы есепте Дарья Чеснокова 24-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалға жолдама алған үздік сегіз спортшының қатарына кіре алмады.

Іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені Жаңа Зеландия өкілі Алиса Лоусон көрсетті. Ол 50 метрді 25,92 секундта жүзіп өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!