Жүзу
Бүгін 10:47

Қазақстандық жүзгіш жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші болды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда бақ сынады.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды.

Қытай спортшысы Се Ичэнь жеңімпаз атанды. Ол 28,13 секундта мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Иори Миядзаки (28,42) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Максим Машлякевич (28,46) түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport