Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден жарыстар жалғасып жатыр.
Қазақстандық жүзгіш Дарья Чеснокова 50 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Нәтижесінде отандасымыз қашықтықты 30.13 уақытта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші, ал жалпы есепте 12-ші орынға тұрақтады. Дегенмен финалға шыға алмады.
Іріктеу кезеңінде үздік нәтижені Оңтүстік Корея өкілі Ким Сынвон көрсетті. Ол қашықтықты 28.76 уақытта бағындырды.