Жүзу
22 мамыр 2025 14:28

Қазақстан құрамасы жүзуден Испаниядағы халықаралық турнирге қатысады

©storyofmilyf.files.wordpress.com

Жүзуден Қазақстан құрамасы Барселонада (Испания) өтетін беделді халықаралық турнирге қатысады.

Аталмыш додада ел намысын сегіз спортшы қорғайды.

Испаниядағы жарысқа Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов қатысады.

Жарыс 21-22 мамыр аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport