Жүзу
13 қараша 09:03

Қазақстан құрамасы Ислам ойындарында жүзуден күміс жүлдегер атанды

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды.

Жерлестеріміз 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) екінші нәтиже көрсетті.

Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті.

Түркия алтын медаль жеңіп алды - 03:40.56, ал Индонезия үздік үштікті түйіндеді - 03:44.07.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport